Ссылки доступа

Дереккөз: Тәжікстанда ұсталған белгілі дін қызметкері алдын ала қамауға алынды


Таджикский священнослужитель Эшони Сироджиддин
Таджикский священнослужитель Эшони Сироджиддин

Тәжікстанда қамалған белгілі дін қызметкері Сирожиддин Эшони (Сирожиддин Абдурахманов) алдын ала қамауға алынды. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, Сирожиддин Эшониді және шәкірттерін қамауға алу шешімін Душанбенің Исмоили Сомони аудандық соты қабылдаған.

"Дін қызметкерінің қамауға алынуы туралы ресми түсініктеме болмайды, өйткені бұл құпия іс. Ұсталғандардың бәрі алдын ала қамауға алынды", - дейді дереккөз.

Тәжікстанда салафиттердің биресми лидері ретінде танымал Сирожиддин Эшони 12 қарашада Душанбедегі үйінде ұсталып, компьютері және діни кітаптары тәркіленген. Онымен бірге бірнеше шәкірті ұсталған.

Әзірге Тәжікстанның құқық қорғау органдары белгілі дін қызметкерінің қамалғаны бойынша түсініктеме бермей жатыр. 13 қарашада елдің ішкі істер министрлігінің (ІІМ) ресми өкілі оларда Сирожиддиннің қамалуы бойынша мәлімет жоқ екенін білдірді.

Сирожиддин Эшони 2009 жылы ұсталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Онда оған "ұлттық, нәсілдік және діни қастықты қоздырды" деген айып тағылған. Ол абақтыдан 2013 жылы рақымшылықпен шыққан.

Былтыр сәуірде Сирожиддин Эшони видеоүндеу жасап, биліктің мобилдік интернетті қымбаттатқанын қолдап және интернетті "ғасыр індеті" деп атаған. Бірақ соған қарамастан өзі youtube арқылы қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп келген.

XS
SM
MD
LG