Ссылки доступа

Райымбек Матраимов үкіметке 493,8 миллион сом қайтарған


Қырғызстанның Кеден қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Райымбек Матраимов қаржы министрлігінің есепшотына 493,8 миллион сом (5,8 млн доллар) аударған. Осылай деп мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметінше, бұрынғы шенеунік 5 қарашадан бастап ақша аудара бастаған. Алда тағы қанша ақша аударады, әзірге белгісіз.

Матраимов 2015-2017 жылдары кеден қызметінде жұмыс істеген кезіндегі коррупциялық әрекеттерін тергеу бойынша ұсталған.

Коррупция және ұйымдасқан қылмыстарды зерттеу орталығы (OCCRP), Kloop жаңалықтар сайты және Азаттықтың қырғыз қызметі Матраимовқа қатысты журналистік зерттеу жүргізген. Тергеу ісінде Матраимовтың Қырғызстаннан 700 млн доллар шығарғаны айтылады.

Матраимовты тергеуге алып, елден кетпеу жөнінде қолхатпен босатқан. Ол мемлекетке 2 млрл сом (24 млн доллар) қайтарып беруге уәде еткен.

Экс-премьер-министр Садыр Жапаров оны абақтыда ұстаудан ешнәрсе шешілмейтінін айтқан. Ал Ташиев болса, коррупционерлер ең басшысы ақшаны елге қайтару керек дейді.

XS
SM
MD
LG