Оның сөзінше, бүгінгі күнде елде емдеуді ұйымдастыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
"Қазір біз әлемде кім алғашқылардың бірі болып вакцинасын тіркетіп, сата бастайды, соны күтіп жүрміз. Вакцина алған бетте егу жұмысын бастаймыз", - деді Курбанов.
Осыған дейін Өзбекстанның инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахманов елінің Қытайдың, Ресейдің, Еуропаның және АҚШ-тың вакциналарын сынақтан өткізуді жоспарлап жатқанын мәлімдеді.