Ссылки доступа

Мемлекеттік думаға Путиннің мерзімдерін жоққа шығару туралы заң жобасы келіп түсті


Ресейдің Мемлекеттік думасына президент Владимир Путинге қайтадан екі рет мемлекет басшысы қызметіне үміткер болуға мүмкіндік беретін заң жобасы келіп түсті.

Путиннің осыған дейін президенттік мерзімдерін жоюды 10 наурызда алғашқы әйел-космонавт, "Единая Россия" партиясының депутаты Валентина Терешкова ұсынған. Президент және премьер-министр ретінде өлкені 20 жылдан астам басқарып келе жатқан Путин өзі бұған қарсы емес екенін айтқан. Конституцияға ұсынылған бұл өзгертулер жалпыхалықтық референдум кезінде қабылданған.

Владимир Путин Ресейде 2000 жылы және 2004 жылы президенттікке сайланған. 2008 жылы мемлекет басшысы қызметіне Дмитрий Медведев келіп, Путин премьер-министр болған.

2012 жылы Путин үшінші мерзімге сайланып, мемлекет басшысының мерзімі төрт жылдан алты жылға ұзартылған. 2018 жылы төртінші рет сайланды. Енді Путиннің осыған дейінгі мерзімдері жойылатын заң жобасы қабылданатын болса, Путин 2024 жылы президент сайлауына түсе алады.

Путин маусым айының аяғында ресейліктер Конституцияға ұсынылған өзгертулерді қолдаса, президенттікке үміткер ретінде тағы түсуі мүмкін екенін білдірген.

"Өзім үшін ешқандай шешім қабылдамадым. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізілсе, үміткер болуым мүмкін. Уақыты келгенде көреміз", - деді ол.

XS
SM
MD
LG