Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанға жұқпалу аурулар ауруханасын жабдықтауға көмектеседі


Өзбекстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде азық-түлік жіберді.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 17 қарашада Ош қаласындағы темір жол вокзалына гуманитарлық көмек ретінде жолданған 3000 тонна астық келді.

Бұған қоса, Өзбекстан Бішкек қаласы мен Баткен облысы Кадамжай ауданында салынатын жұқпалы аурулар ауруханалары құрылысына қажетті модульді конструкторлар жолдауға уәде берді.

Өзбекстан коронавируспен күресуге қажетті гуманитарлық көмегін Бішкекке 15 қарашада да жолдаған.

Биыл Өзбекстан Қырғызстанға кем дегенде бес рейс гуманитарлық көмек берді.

3 тамызда Қырғызстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Замирбек Аскаров наурыз-тамыз айларында Өзбекстан Қырғызстанға 560 мың доллардың гуманитарлық көмегін жолдағанын айтты.

XS
SM
MD
LG