Ссылки доступа

Садык Шер-Нияз: Конституцияның жаңа жобасы – билікті көксеген бір адамның диктатураға ұмтылысы


Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Садык Шер-Нияз қоғам талқылауына ұсынылған Конституцияның жаңа жобасына қатысты пікірін айтты.

Экс-депутат бұлқұжаттан «билікті көксеген бір адамның диктатура орнатуға ұмтылысын» көрген.

«Конституцияның осы нұсқасын қабылдаған ел сөзсіз тоталитаризмге қарай беттейді. Конституцияның жаңа жобасы – Жогору Кенештен биік тұратын президенттің екі мерзімі, сол арқылы заң шығару билігін тұншықтырмақ. Бұның бәрі бір адамның билігіне әкеледі. Біз осы Конституцияны қабылдасақ, онда бізде президент болмайды, бір адамның ғана билігі болады», - деді Шер-Нияз.

Оның пікірінше, мұндай құжат демократияны дамыту жолындағы елді тежейді. «Мұндай жобаға депутаттар қалай қол қойды екен?» - деп басын шайқады экс-депутат.

Бірнеше белсенді, азаматтық сектор қкілдері Конституцияны өзгерту жобасын сынады.

Құжат жобасы Жогорку Кенеш сайтында 17 қарашада жарияланды. Қоғам талқылауы бір айға созылады, одан соң заң жобасы Жогорку Кенешке түседі.

XS
SM
MD
LG