Борышкерлердің барлығын электр қуатынан ажырату туралы нұсқауға «Барки точик» компаниясы басшысының орынбасары Мұхаммад Гуломзода 3 қарашада қол қойған. Құжат көшірмесі 17 қарашада Озоди радиосына редакциясына түсті.
Тәжікстан аймақтарындағы тұрғындардың айтуынша, екі аптадан бері күндіз жарық сөніп тұратын болған. «Барки точик» холдингі лимит орнатылғанын жоққа шығарып, жарықтың сөнуін жөндеу жұмыстарымен түсіндіруге тырысқан.
2017 жылы тәжік билігі электр қуатының лимиті енді болмайтынын, өндіріс тұрғындардың сұранысын толық өтейтінін мәлімдеген. Бірақ биыл ауылдар тағы да жарықсыз отыр. Тұрғындар асты ошаққа пісіруге мәжбүр. Бұған қоса, өткен аптада Тәжікстанда алғашқы қар түсті. Тұрғындар жарықтың әлі берілмегеніне шағымданып жатыр.