Бұл мекеме 3 қарашада өткен президент сайлауының қауіпсіздігіне жауапты болған. Бұның алдында Кребс демократтардың «дауыстар ұрланғаны туралы» уәждерін қолдамаған.
Трамп агенттік басшысы қызметтен алынғанын твиттерде хабарлады.
«Крис Кребстің 2020 жылдағы сайлаулар қауіпсіздігі жөніндегі мәлімдемесі шындықпен жанаспайды, өйткені сайлауда ереже сақталмады, алаяқтық әрекет көп болды, тіпті «өлген адамдар» дауыс берген». Бақылаушыларды сайлау учаскелеріне жібермеген, дауыс беру машиналары «істен шығып», Трампқа берілген дауысты Байденге есептеген. Сол себепті Крис Кребс бүгін агенттік директоры қызметінен босатылды», - делінген президент твитінде.
Твиттер Трамптың бұл жазбасына да «даулы пікір» белгісін қойды.
Өткен аптада Reuters агенттігі Кребстің әріптестеріне қызметтен алынуы мүмкін екенін ескерткені туралы хабарлаған, өйткені оның сайлау қауіпсіздігі сақталғаны жөніндегі мәлімдемесі Трампты қатты ашуландырған.