Ссылки доступа

Pfizer COVID-қа қарсы вакцина сынағын аяқтады, тиімділігі - 95%


Pfizer корпорациясы сәрсенбі күні BioNTech-пен бірлесіп жасаған COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынауды аяқтағанын мәлімдеді. Жақын күндері АҚШ билігіне және вакцинаны тіркеу жөнінде тапсырыс берген өзге елдерге жөнелтетінін жеткізді.

Вакцина тиімділігі бұрынғыдан да (90 процент) артып, қазір 95 процент көрсеткен.

Вакцинаның сынаудың үшінші кезеңіне қатысқан 43 мың еріктінің 170-і ғана коронавирус жұқтырған. Онда да олардың 8-не екпе салған, ал қалғандары плацебо алған.

Pfizer сонымен бірге вакцинаны сақтау үшін (оны минус 70°C-тен кем емес температурада сақтау керек) арнайы құрғақ мұз сақтайтын контейнерлер жасап шығарғанын мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, компания биыл 50 миллион, ал келесі жылы бір миллиард доза вакцина шығармақ. Бұл вакцина АҚШ-та қашан тіркеледі, әзірге белгісіз. Оны тіркей салысымен, компания халыққа жаппай екпе жұмысын бастайды. Ал бұл – кейбір сарапшылардың пікірінше, пандемияның соңы болмақ.

Осыдан он күн бұрын Pfizer 90 процент тиімділігін көрсетті деп мәлімдеген. Бұдан бөлек америкалық компания жасап жатқан Moderna 94,5 процент тиімді екенін дәлелдеді деп хабарланған. Гамалеи атындағы ресейлік институт Sputnik V вакцинасы 92 процент тиімділігін берді деді. Бірақ вакцина тіркелгенімен, үшінші кезеңнің сынағы әлі аяқталмады.

XS
SM
MD
LG