Ссылки доступа

Тәжікстан коронавирусқа байланысты Жаңа жылды атап өтуден бас тартты


Тәжікстан биыл Жаңа жылды атап өтпейтін болды. COVID-19 вирусының таралуына қарсы тұру жөніндегі республикалық штаб Жаңа жыл қарсаңында жаппай мерекелік шараларға тыйым салу жөнінде шешім шығарды.

Республикалық штаб шешім COVID–19 вирусын жұқтырғандар санының артуымен байланыстырады.

Билік шешіміне сәйкес, халық саябақтарда тек қоғамдық гигиенаны сақтап, міндетті түрде маска киіп және қашықтықты сақтау арқылы серуендей алады.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстанда 18 қарашадағы көрсеткіш бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 11 мың 731 адамға жеткен. Сәрсенбіде тағы 42 адамнан вирус анықталған. 86 науқас қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG