Ссылки доступа

Ташкент пен Алматы әлемнің ең арзан бес қаласына кірді


Британияның The Economist басылымы Өзбекстан астанасы Ташкентті және Алматы қаласын әлемнің ең арзан бес қаласына енгізді.

Economist Intelligence Unit жүргізген зерттеуінде әлемнің 130 қаласындағы азық-түліктің 138 түрінің бағасын салыстырған.

Зерттеушілер шешімінше, ең арзан бес қала мыналар – Дамаск (Сирия), Ташкент (Өзбекстан), Лусака (Замбия), Каракас (Венесуэла) және Алматы (Қазақстан).

Ал Цюрих (Швейцария), Париж (Франция), Гонконг (Қытай), Сингапур және Тель-Авив (Израиль) өмір сүру ең қымбат бес қалаға енген.

XS
SM
MD
LG