Ссылки доступа

Қырғызстанда әлеуметтік қор басшысы мен опера театрының директоры ұсталды


Қаржы полициясы Қырғызстан ұлттық академиялық опера және балет театрының бұрынғы бас директоры О.Б.-ны ұстады.

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, театр директоры тиімсіз келісімшартқа отырып, сол арқылы мемлекет бюджетіне 1 млн сомнан аса шығын келтірген.

1-май аудандық сотында бүгін күдіктіні сотқа дейін қамауда ұстау мәселесі қаралып жатыр.

Бұған қоса, қаржы полициясы әлеуметтік қор төрағасы ұсталғанын хабарлады. Қор төрағасы Медер Ирсалиев мекеме бөлімшелерінің басшыларынан заңсыз ақша жинады делінген. Ирсалиев 18 қарашада ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG