Ссылки доступа

Душанбе-Худжанд автожолы жүк көліктері үшін уақытша жабылды


Тәжікстанда Душанбе-Худжанд-Чанак автожолы жүк көліктері үшін уақытша жабылды. Өйткені таудағы асуларда қар жауып тұр.

19 қарашада Тәжікстанның барлық дерлік аймағында қар жауды. Республиканың гидрометеорология жөніндегі агенттігі елде 18-21 қараша күндері күн суытатынын ескерткен.

Душанбе-Чанак – Тәжікстандағы жалғыз ақылы автожол. Ол астананы Соғды облысымен жалғастырады. 410 шақырымдық жолдың құрылысына 296 млн доллар жұмсалды. Оның 281 млн долларын Қытай үкіметі несие ретінде бөлді.

XS
SM
MD
LG