Ссылки доступа

Ресейде тәжік мигрантының бес жастағы қызының өліміне қатысты істі қайта қарайды


Тәжік мигрантының бес жастағы қызы Хувайдо Тиллозоданы өлтірді деп айыпталған күдіктінің соты 20 қарашайда өтеді. Бұл туралы Озоди радиосына марқұмның әкесі хабарлады.

Мәскеу облыстық соты Хувайдо Тиллозоданың отбасына жақында сот болатынын хабарлаған. "Айыпталушы Александр Семиннің есі дұрыс екені анықталған, біз дәрігерлердің қорытындысын алдық", - дейді марқұмның әкесі Абдусалом Саидов.

Хабарларға қарағанда, айыпталушыны сот отырысына әкеледі. Бұл істі Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі де бақылап отыр.

Еске салайық, 2018 жылы 22 шілдеде бес жастағы тәжік қызы Хувайдо Тиллозоданы Серпухово қаласында ауладан ұрлап әкеткен. Тұрғындар баланы бірнеше сағат іздеді. Ертесіне оның мәйіті темір жол бойынан табылды. Сот сараптамасы қызды әуелі зорлап, одан соң пышақпен өлтіргенін анықтады.

Бес жастағы қыздың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Александр Семин ұсталды. Ол тәжік мигрантының көршісі болып шықты.

Александр Семин әлі сотталған жоқ: ол осы уақытқа дейін психиатриялық клиникада емделген.

XS
SM
MD
LG