Ссылки доступа

Өзбекстанда мүгедек жігіт иіс тиіп қайтыс болды. Сол түні ауданда жарық сөніп қалған


Өзбекстанның Наманган облысы Чартак ауданында 25 жастағы мүгедек жігіт Хикматилла Юсупов 18 қарашада иіс тиіп қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жарық сөнген түні Хикматилла электр пешін сөндіруді ұмытып кеткен. Жарық берген уақытта пеш қосылып, соның қасында жатқан көрпе өртенген. Жігіт соның түтінінен уланған.

Өзбекстанда биыл бірнеше адам иіс тиіс қайтыс болды. Табиғи газ тартылмаған ауылдарда тұрғындар электр пешін қолданады.

«Хикматилла жақсы жігіт еді. Жүре алмайтын. Ол мұндай дүкен ашты, Пайнет төлем жүйесін орнатты, телефон мен электр құрылғыларын жөндеді. Сол түні ол жұмыстан кеш қайтқан, жаураған соң ерте ұйықтап қалған. Таңертең сағат бесте оның қарындасы оянып, түтіндеп жатқан көрпені көрген. Ол көмек шақырған. Бөлмеге кіргенде, көрпе белге дейін өртеніп кеткенін көрдік. Түнде жарық берген уақытта көрпе де өртене бастаған. Ол иіс тиіп қайтыс болған. Сол себепті белге дейін өртенгенін сезбеген», - деді куәгерлердің бірі.

Оның айтуынша, ауданда он күннен бері жарық сөніп қала береді.

«Өткен жылы жақсы еді. Биыл жарық сөніп қала береді. Кешкі тамаққа отырған уақытта жарық сөнеді», - деді аудан тұрғыны.

XS
SM
MD
LG