Ссылки доступа

Тәжікстанда жол бойына 400-ден аса әжетхана орнатылды. Жолаушылар олардың лас екенін айтты


Иллюстративное фото

Тәжік үкіметінің туризмді дамыту жөніндегі комитеті жол бойында 400 әжетхана салынғанын хабарлады. Дегенмен жолаушылар бұл әжетханаларды ешкім тазаламайтынын айтып отыр.

БҰҰ дерегі бойынша, әлемде 673 млн адам әлі күнге дейін далада дәрет сындырады. Олардың дені Орталық, Оңтүстік және Шығыс Азия, сонымен бірге Тропик Африка елдеріндеріндегі ауыл тұрғындары. БҰҮ есебіне қарағанда, жыл сайын 800 мың адам диареядан қайтыс болады.

«Туризмді дамыту мақсатында, Таулы Бадахшанда жол бойында 25 әжетхана салынды, Хатлон облысында – 191, Соғды облысында – 137, Рашт жазығында – 63 әжетхана», - деп хабарлады туризм жөніндегі агенттік.

Алайда жолаушылар жол бойындағы әжетханаларда су, сабын, қағаз болмайды деп отыр. «Әжетханалар лас. Жолаушылар онда кіргісі келмейді. Далада дәрет сындырады», - деді жолаушы автобусын жүргізуші.

XS
SM
MD
LG