Ссылки доступа

Ресейден Душанбеге чартерлік рейстер ұшуын жалғастырып жатыр


Ресейдегі еңбек мигранттары. Көрнекі сурет.
Ресейдегі еңбек мигранттары. Көрнекі сурет.

Душанбе желтоқсан айында Ресейден Тәжікстанға ұшатын чартерлік рейстердің кестесін әлі жарияламады.

1 желтоқсанда Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Имомуддин Саттори Ресей қалаларынан Душанбеге бұрынғыдай күніне бес рет чартерлік рейс ұшатынын мәлімдеді. "Кесте жарияланбаса да әуе компаниялар "Росавиациядан" рұқсат алып, чартерлік рейстерді атқара береді. Сұраныс болып тұрса, екі ел арасында әуе қатынасы қалпына келгенше, ұша береді", - деді елші.

Бірақ көптеген тәжік мигранттары Ресей мен Тәжікстан арасында тұрақты әуе қатынасының қалпына келуін күтіп жатыр. Әзірге екі ел арасында бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбады.

Қараша айынан бері Ресейдің қалаларынан Душанбеге ұшып жатқан "Сомон Эйр" әуе компаниясы чартерлік рейстерге билеттерді 395 еуродан сатқан. Әуе компания өкілдері ұшақтар Ресейге бос ұшып жатқандықтан, қызмет көрсету ақысы 40 процентке қымбат екенін айтқан.

Тәжікстан коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында наурыз айының аяғынан бері әуе қатынасын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG