Ссылки доступа

Қытай 3 желтоқсаннан бастап Қырғызстанға өтетін жүк көліктерін арттыруды көздейді


Қытай үкіметі «Иркештам» және «Торугарт» шекара бекеттерінен жүк көліктерін өткізу уақытын созады. Шекара бекеттері демалыс күндері де жұмыс істеуі мүмкін.

Қырғызстанға Қытайдан тәулігіне 30 шақты жүк көлігі өтеді. Қырғызстан премьер-министрі қызметін атқарушы Артем Новиков пен Қытайдың Қырғызстандағы елшісі ДуДэвэнь кездесуінде осындай шешім қабылданған. Бұл туралы қырғыз үкіметі хабарлады.

Елші Дэвэньнің айтуынша, «Иркештам» және «Торугарт» шекара бекеттерінде жүк көліктерін көбірек өткізуін қырғыз тарапы сұраған. Соған байланысты қытай тарапы «Иркештам» бекетінде екі қойма салып, контейнерлерге арналған кран орнату туралы шешім қабылдаған.

Қырғызстан-Қытай шекарасындағы «Торугарт» және «Иркештам» тексеру-өткізупунктері биыл ақпан айында жабылып қалған. 15 сәуірде бұл «Иркештам» бекеті жартылай ғана ашылды.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Торугарт» шекара бекеті 8 қыркүйекте ашылды, бірақ толық жұмыс істеп тұрған жоқ.

XS
SM
MD
LG