Ссылки доступа

Тәжікстан Қазақстанда сотталған азаматтарын қабылдаудан бас тартты


Қазақстан түрмесі
Қазақстан түрмесі

Тәжікстан билігі Қазақстанда теракт жасамақ болды деп сотталған 7 азаматын қабылдаудан бас тартты.

Былтыр Алматыда мамандандырылған ауданаралық сотта Косимжон Гиесов 18 жылға, Абдухалим Давлатов пен Неъматулло Неъматов 14 жылға, Парвиз Туйчиев, Султони Аминзода, Шарифали Сафаров пен Сафиюлло Косимов 12 жылға бас бостандығынан айырылған.

Олардың бәрі террористік ұйымдардың құрамында болды, теракт жасамақ болды, жарылғыш заттар дайындады, қару сақтады деп айыпталды.

Тәжікстан бас прокуратурасы жазасын әрі қарай отанында өтеу үшін азаматтарын қабылдап алу туралы Қазақстанның ұсынысын кері қайтарған. Сотталғандардың туыстары қазақ билігіне жақындарын еліне қайтару жөнінде өтініш түсірген.

Тәжікстан бас прокуратурасындағы дереккөздің айтуынша, Душанбе еліндегі түрмелерде болған бүліктен кейін өзге елде сотталған азаматтарын қабылдамауды шешкен. 2018 жылы қарашада Хожент, 2019 жылы мамырда Вахдат абақтысында бүлік болып, 50 адам көз жұмған. Билік бұл бүлікті "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына мүше болғаны үшін сотталған азаматтар ұйымдастырды деді.

Ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда 10 мыңға жуық тәжік мигранты бар.

XS
SM
MD
LG