Ссылки доступа

Өзбекстанда танымал әнші кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды


Эстрада әншісі Жасур Умаров кәмелет жасқа толмаған Ш.М. есімді қызды зорлады деген күдікпен 21 желтоқсанда қамауға алынды. Бұл туралы Самарқанд облысының прокуратурасы хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, әншінің үстінен биыл 9 қазанда қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.

Жәбірленуші Ш.М. мен оның адвокаты М. Рустамова облыстық прокуратураға арызданып, қылмыстық іс аясындағы тергеу барысына көңілі толмайтынын білдірген. Облыстық прокуратура істі бақылауға алғанын, жақында сот шешімі шығатынын хабарлаған.

21 желтоқсанда сот қылмыстық іс материалдары негізінде қаулы қабылдап, соның негізінде Жасур Умаровқа айып тағылған. Сол күні күдікті қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG