Ссылки доступа

Азаттық зерттеуі: Назарбаев әулетінің шетелдегі зәулім сарайлары (видео)


Азаттық радиосы Назарбаев әулеті мүшелері мен оның күйеу балаларының 20 жыл ішінде АҚШ және Еуропа елдерінде жылжымайтын мүлік алуға 785 миллион доллар ақша жұмсағанын есептеп шығарды.

Бұл мүліктерді сатып алу үшін көп қаржы кеткен. Ал үйді алған Назарбаевтың жақындары мұнайға бай елде энергетика, банк және басқа да салаларда, жоғары мемлекеттік қызметтерде істеген.

Назарбаевтың туыстары кейінгі жиырма жылда АҚШ пен Еуропада жүздеген миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл үйлер әйгілі өзен-көлдердің бойында, Манхэттендегі көпқабатты биік ғимараттарда, Лондондағы ауқаттылар ауданында, Испанияның Коста Брава жағалауында орналасқан.

Зерттеуде Назарбаев туыстарының шетелдегі мүлкінің бір бөлігі қамтылған. Дегенмен бұл зерттеуден Назарбаев маңындағы адамдардың шетелдегі қымбат мүліктерінің құны, орналасқан жері жайлы деректерді таба аласыз.

Азаттық радиосы Назарбаев әулеті мүшелері мен оның күйеу балаларының 20 жыл ішінде АҚШ және Еуропа елдерінде жылжымайтын мүлік алуға 785 миллион доллар ақша жұмсағанын есептеп шығарды. Бұған содан бері сатылып кеткен бірнеше мүлік, соның ішінде Назарбаевтың інісі – Болаттың АҚШ-тағы миллиондаған долларға алынған пәтерлері кіреді.

Олардың арасында ең танымалы – Құлыбаев. Ол мұнай-газ және басқа салаларда жинаған байлығы – отбасылық байланыстың арқасы дегенді жоққа шығарумен келеді. 2 желтоқсанда Financial Times Қытайға тартылған үлкен құбырға қатысты келісімшарттардың артындағы Құлыбаевқа ондаған миллион доллар ақша жөнелтіп тұратын құпия схеманы тапқаны туралы жазды.

XS
SM
MD
LG