АДБ мәліметінше, Душанбе мен Худжанд арасындағы көлік жолын жөндеуге 296 млн доллар бөлген. Оның 281 млн доллары Қытайдан 20 жылға 2 проценттік сыйақымен несиеге алынған. Жөндеу жұмыстары қытайлық компанияға тапсырылған. Жалпы 354 шақырым жол жөндеуден өткен, оған 39 көпір, үш ірі туннель салынған.
"2010 жылдың басында жол толық жөндеуден өткеннен кейін ақылы жолды басқаруды Тәжікстан үкіметі офшорлы аймақта тіркелген Innovative Road Solutions (IRS) компаниясына берген. Тәжікстан билігі аталған компаниямен 30 жылға келісімге келген. Компания барлық салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылған.
Душанбе - Худжанд - Чанак тас жолы 2010 жылдың 1 сәуірінде ашылған. Жол құны - жеңіл көліктер үшін әр шақырымы 4 цент, ал жүк көліктері үшін әр шақырымы 4 доллар.
Тәжік билігі IRS компаниясының кімге тиесілі екенін ашық жарияламайды. Келісім шарт жабық есік жағдайында өткен.
Бірақ "Неміс толқыны" радиосының мәліметінше, Тәжікстандағы жалғыз ақылы жолды басқаратын Innovative Road Solutions компаниясы Британияның Вирджин аралдарындағы офшорлы аймақта тәжік президентінің туған күйеу баласы Жамолиддин Нуралиевтің атына тіркелген.