Ссылки доступа

Ресей еңбек мигранттары үшін Өзбекстанға 1 млн "Спутник V" вакцинасын жеткізеді


Өзбекстан Ресейге кетуді жоспарлаған еңбек мигранттары үшін 1 млн дана "Спутник V" вакцинасына тапсырыс берді. Бұл жөнінде Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Владимир Тюрденев мәлімдеді.

Елшінің сөзінше, Ташкент келесі жылы ресейлік тағы бір "Эпиваккорона" вакцинасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр.

Желтоқсан айының басында Ташкентке 100 дана "Спутник V" вакцинасы жеткізілген.

XS
SM
MD
LG