Ссылки доступа

Биыл Ташкенттің бір перзентханасында бес жүкті әйел қайтыс болған


2020 жылы Ташкент облысындағы Янгиюл медициналық бірлестікке қарайтын ауруханада бес бірдей аяғы ауыр әйел қайтыс болған. Соңғысы – 32 жастағы Шохсанам Хусанбоева 2 қарашада операция үстелінде көз жұмды.

32 жастағы Шохсанам Хусанбоева 1 қарашада толғақ басталғаннан кейін Аккурган аудандық перзентханаға жеткізілген. Бірақ онда келіншекті қабылдаудан бас тартқан. Осыдан кейін оны туыстары Янгиюл орталық ауруханасына жеткізген.

"Куйичирчик ауданындағы перзентхана карантинге жатқызылды. Оны Зебо Кодирова есімді жас дәрігер қарады. УЗИ-ге түсіріп, бала өліп қалған деді. Біз кәсіби дәрігерді сұрадық. Бірақ аға дәрігерлер тек келесі күні келеді деді. Ол Шохсанамның тамырына анальгин мен димедрол енгізді. Осыдан кейін Шохсанам ұйықтап қалды. Біз оның қан қысымы жоғары екенін айттық. Біз дәрігер болмасақ та, жатырында баласы өлген анаға ұйықтатын дәрі беруге болмайтынын білдік", - дейді марқұмның туыстары.

Шохсанам Хусанбоеваның артында 10 жастағы және 7 жастағы ұлы жетім қалды.

Янгиюл медициналық бірлестігінің өкілі бұл оқиғаны растады.

"Баланы дүниеге әкелу – өте қиын процесс. Оған жоғары білікті мамандар тартылу керек. Биыл жаңа босанған екі әйел коронавирустан қайтыс болды. Тексеру жүргізіліп, жауаптылар жазаға тартылды. Хусанбоеваның ісі бойынша прокуратура тергеу жүргізсе, іс сотқа беріледі", - деді ол.

Шохсанам Хусанбоеваның туыстарының айтуынша, дәрігер Зебо Кодирова кінәсін мойындаған.

ЮНИСЕФ есебінде, Өзбекстанда 100 мың адамға шаққанда, әрбір 29 жүкті әйел көз жұмады.

XS
SM
MD
LG