Ссылки доступа

Қырғызстан парламентінің вице-спикері қызметінен кетті


"Онугуу-Прогресс" фракциясы Мирлан Бакировты вице-спикер қызметінен алды. Бұл жөнінде партия лидері Бакыт Торобаев мәлімдеді.

Ол Мирлан Бакиров өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады деді.

"Онугуу-Прогресс" партиясының саяси кеңесі оның орнына Уланбек Исмаиловтың кандидатурасын ұсынып отыр", - деді Торобаев.

Жогорку Кеңеш әзірге ресми ақпарат таратпады. Бакиров вице-спикер болып 2017 жылдың 13 желтоқсанында сайланған.

XS
SM
MD
LG