Биыл қараша айының соңында Рудаки аудандық соты жасы 14-ке толмаған жасөспірімды азғындау әрекетіне барды деп 160 сағатқа түзеу жұмысына салған. Жәбірленуші 12 жастағы баланың анасы мен адвокаты сот шешімімен келіспейтінін жеткізіп, қайта шағымданатынын мәлімдеді.
Оның үстіне 12 жастағы баланың анасы милицияға хабар береміз дегенде, күйеуі ұят болады деп қарсы болған. Оны тыңдамай, арыз жазғаннан кейін, күйеуі ажырасып кеткен. Қазір екі баланы өзі тәрбиелеп отыр.
Тәжікстандағы "Құқықтық бастама" қорының жетекшісі Гулчехра Рахмонова биыл кәмелетке толмаған баланы зорлау оқиғасымен 12 адам шағымданған айтты. Оның сөзінше, тергеушілер балаларды психологтың қатысуымен сұрауға алуы тиіс.
Тәжікстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы алты айда кәмелетке жасы толмаған баланы зорлау фактісі бойынша 16 оқиға тіркелген.