Ссылки доступа

Ислам Каримовтың бұрынғы көмекшісі ұсталды


«Озодлик» зерттеуі барысында 52 жастағы бұрынғы шенеунік Ұлықбек Мирзамұхамедов Murad Buildings құрылыс компаниясының негізін қалаушы Мурод Назаровтың серіктесі екені анықталды.

Өзбекстанның бас прокуратурасы Мирзамұхамедовтің үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы мәлімет таратпады. Прокуратура өкілінің айтуынша, қазір экс-шенеунік Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында тергеліп жатыр.

Бұның алдында Eltus.com тәуелсіз басылымы Мирзамұхамедовтің қылмыс әлемінде «Стоматолог» лақап атымен танымал Фаррух Мирзаевпен жанжалдасқаны туралы жазған. «Қарызы бар Мирзаев Каримовтың бұрынғы көмекшісін түрмеге отырғызғысы келген» деп жазды басылым. Осы материалда Мирзамұхамедовтің «дипломаттарды түрлі қызметтерге орналастыру үшін пара алғаны» айтылған.

Экс-шенеуніктің үйін тінту кезінде өте көп қымбат заттар, шетел валютасы табылғаны, ал оның гаражы Бентли, Мерседес және Рэндж Ровер секілді қымбат көліктерге толы болғаны туралы хабарланған.

«Озодлик» зерттеуі барысында Мирзамұхамедов Murad Buildings құрылыс компаниясы акцияларының елу пайызына иелік ететіні анықталды.

Ұлықбек Мирзамұхамедов ұзақ жылдар бойы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеген. Сол жерден президент әкімшілігіне ауысып, Ислам Кармовтың көмекшісі болған. 2016 жылы президент Шавкат Мирзияев оны бұл қызметтен алған.

XS
SM
MD
LG