Ссылки доступа

Сұрхандариядағы мешітте кісі өлтіру қылмысы тіркелді


Өзбекстанның Сұрхандария облысы Шеребад ауданындағы мешітте ер кісі мешіт хатшысын пышақтап өлтірген.

Қылмыс туралы мәлімет әуелі әлеуметтік желілерде таралды. Кейін ақпаратты Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов растады.

Хабарларға қарағанда, 22 желтоқсанда таңертең 46 жастағы М.Ш. мешіт хатшысы Ш.Г.-мен жанжалдасып қалып, оны пышақтап өлтірген. Мешіт қызметкері ауруханаға бара жатқан жолда ауыр жарақаттан қайтыс болды.

«Қасақана кісі өлтіру» қылмысы бойынша іс қозғалды.

Күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG