Ссылки доступа

Израиль парламенті қатарынан үшінші рет өзін-өзі таратты


Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху и сменный премьер-министр Бени Ганц
Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху и сменный премьер-министр Бени Ганц

Израильдің бір партиялы парламенті Кнессет қатарынан үшінші рет өзін-өзі таратты. Елде екі жылда төртінші мәрте парламент сайлауы өтеді. Сайлау 2021 жылдың 23 наурызына белгіленді.

Израильде 2019 жылдан бері саяси дағдарыс болып жатыр. 2019 жылғы сәуір және қыркүйек айларында өткен сайлаулардан соң депутаттар үкімет жасақтай алмады. Екі сайлауда да оңшылдар мен солшылдар шамамен бірдей орынға ие болған. Үкімет жасақтау үшін 61 депутаттың дауысы керек.

2020 жылы көктемде парламент коалициялық үкімет жасақтап, соған сәйкес елді премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен Бени Ганц кезек-кезек басқаруы керек болған. Алайда коалиция 2020 және 2021 жылдардың бюджеті туралы заң жобаларына келісе алмады. Нетаньяху мен Ганц саяси дағдарыстың созылуына бір-бірін айыпта отыр.

XS
SM
MD
LG