Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстанның солтүстігіне газ бере бастады


Өзбекстан Тәжікстанның солтүстігіне қайтадан газ бере бастады. Осыдан бір апта бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев алдымен халықтың сұранысын қанағаттандырмай, газды экспорттауды қысқартуды тапсырған.

Ол үкімет жиналысында елде тәулігіне 20 млн текшеметр газ жетіспейді деген.

Бірақ соған қарамастан 23 желтоқсанда "Сугдиёнгаз" компаниясы Тәжікстанның Худжанд қаласына өзбек газы келгенін мәлімдеді. Компания басшысы Абдухаким Суфиев 1 мың текшеметр газды 130 долларға сатып алатынын жеткізді. "Он жыл бұрын 340-360 долларға сатып алуға мәжбүр болған едік", деді ол.

Өзбек газының келгеніне көмір жағатын жергілікті тұрғындар қатты қуанған. Бірақ "Сугдиёнгаз" компания басшысы алдымен табиғи газ 100 кәсіпорынға жеткізілетінін, ал тұрғын үйлерге қашан баратыны белгісіз деген.

Өзбекстан Тәжікстанға табиғи газ беруді 2012 жылы тоқтатқан. Соңғы рет Тәжікстан өзбек газын 2011 жылы бір мың текшеметрін 370 долларға сатып алған.

2018 жылдың көктемінде Өзбекстан Тәжікстанның оңтүстүгіне газ беруді қайта іске қосқан.

XS
SM
MD
LG