Ссылки доступа

Малайзияда COVID-19 вирусының жаңа түрі анықталды


Малайзия дәрігерлері коронавирустың жаңа штамы анықталды деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Нұр Хишам Абдулла. Бұл жөнінде New Straits Times басылымы жариялады.

A701V деген атауға ие болған мутация Сабах штатынан табылған. Қазір мамандар бұл вирустың қаншалықты қауіпті екенін зерттеп жатыр.

Бұл жаңалық Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі анықталды деген ақпараттан кейін жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, вирустың мутацияланған түрі біріншіден гөрі тез жұқпалы.

Министр вакцинаны сатып алуды тездететінін мәлімдеді.

Қазір әлемнің батыстың бірқатар елдері және АҚШ, Канада, Бахрейн, Сауд Арабиясы және Мексика неміс компаниясы жасап шығарған BioNTech пен америкалық Pfizer вакцинасын егуді бастады.

XS
SM
MD
LG