Ссылки доступа

Қырғызстанда Солтон-Сарыдағы алтын кенін белгісіз топ басып алды


Нарын облыстық милициясы Эмгекчил ауылында белгісіз топ Солтон-Сары алтын кенін басып алғанын мәлімдеді.

Оқиға болған жерге бір топ милиция өкілдері аттанған. Толық мәлімет 24 желтоқсанда белгілі болатыны хабарланды.

Алтын кенін белгісіз адамдардың басып алғанын қоғам белсендісі, құқық қорғаушы Качкынбек Булатов 22 желтоқсанда Фейсбук парақшасына жариялаған. Ол "кешкі сағат 16.00 шамасында Солтон-Сары жайлауындағы алтын қоры бар Көл-Төр және Чолок-Төр кенін Эмгекчил ауылының 20 тұрғыны басып алды" деп жазған.

Ол күдікті топтың кенге баратын жолды ашып кіріп, алтын қорын қазып жатқанын жеткізген.

Нарын ауданындағы Солтон-Сары алтын кені қырғыз-қытай бірлескен "Zhong Ji Mining Company" компаниясына 20 жылға берілген.

Бірақ оның жұмысына жергілікті тұрғындар қарсы шыққаннан кейін компания ісі былтырдан бері тоқтап тұрған.

XS
SM
MD
LG