Ссылки доступа

Дональд Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетінің жобасына вето қойды


Дональд Трамп
Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің 2021 жылға арналған 740 миллиард долларлық қорғаныс бюджеті туралы заң жобасына вето қойды.

Трамп бұл шешімін жобада ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды шаралар қаралмағанын, Американы ішкі және сыртқы саясатта маңызды ету талабына қарсы келетінімен түсіндірді. "Бұл – Қытай мен Ресейге сыйлық жасағанмен тең" деді ол.

Трамптың сөзінше, интернет платформаларды қолданушылардың жариялаған контенті үшін қарастырылған заңдық жауапкершіліктен босатуды қарастыратын бөлім алынып тасталуы керек.

1960 жылдан бері АҚШ-тың қорғаныс бюджеті жыл сайын қабылданып келді, оған мемлекет басшысы ешқашан вето қойған емес.

2021 жылға жоспарланған бюджетте Ресейдің "Солтүстік ағын-2" және "Түрік ағыны" секілді жобаларына қарсы сакнцияларды қатайту қарастырылған.

XS
SM
MD
LG