Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанда жұқпалы аурулар ауруханасын салды


Қырғызстанның Баткен облысында 200 науқасқа арналған жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Аурухана құрылысына Өзбекстан көмектесті, деп хабарлады қырғыздың денсаулық сақтау министрлігі.

Құрылыс шығындары мен аурухана құрал-жабдықтарын өзбек тарапы қаржыландырған.

Емдеу мекемесін ашу салтанатына Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алимкадир Бейшеналиев пен үкімет мүшелері, сонымен бірге Өзбекстан делегациясы қатысты. Оны өзбек сыртқы істер министрінің орынбасары Амрилло Иноятов бастап келді.

Өзбекстан Қырғызстанға жұқпалы ауруханасын салуға көмектесетіні туралы мәлімет биыл қараша айында тарады. Ресми мәліметтерде өзбек тарапы Бішкек қаласында және Баткен облысының Кадамжай ауданында салынатын екі аурухана құрылысына қажетті модульдік конструкциялар беретіні айтылды.

Еске салайық, Өзбекстан қараша айында көрші елге бірнеше мәрте гуманитарлық көмек берді.

XS
SM
MD
LG