Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық банкі: мигранттардың ақша аударуы тоғыз пайызға азайды


Тәжікстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, биыл еңбек мигранттарының елге ақша аударуы тоғыз пайызға азайған.

Ұлттық банк 22 желтоқсанда Озоди радиосының сауалдарына хатпен жауап берді. Банк биыл мигранттардың ақша аударуы қанша пайыз төмендегенін ғана атады.

Экономист Ходжимұхаммад Умаровтың пікірінше, ақша аудару тоғыз пайыздан көп қысқарған болуы мүмкін. «Өйткені еңбек мигранттарының дені Ресейден қайтып жатыр, қалғандары елде жұмыссыз қалды. Соған байланысты ақша аудару азайып кетті», - дейді ол.

Биыл шілде айында Ұлттық банктің экс-төрағасы Жамшед Нұрмахмадзода алты айда еңбек мигранттары елге 999 млн доллар жолдағанын хабарлаған. Сол кезде шетелден ақша аудару 14,8 пайызға азайғаны айтылған.

Тәжікстан экономикасы шетелдегі еңбек мигранттарының елге ақша аударуына тәуелді. Ресми стаститика бойынша, 2019 жылы еңбек мигранттары елге шамамен 2,7 млрд доллар аударған.

XS
SM
MD
LG