Ссылки доступа

Орталық Азия әйел-лидерлерінің алғашқы онлайн-кездесуі өтті


В 2021 году председатель верхней палаты узбекского парламента Танзила Норбаева возглавит диалог женщин-лидеров Центральной Азии.
В 2021 году председатель верхней палаты узбекского парламента Танзила Норбаева возглавит диалог женщин-лидеров Центральной Азии.

23 желтоқсанда Орталық Азия елдері әйел-лидерлерінің диалогын құру жөніндегі кездесу видеоконференция форматында ұйымдастырылды.

Өзбекстан Сенаты ақпарат қызметінің хабарлауынша, форумға Орталық Азиядағы бес елдің өкілдері, сонымен бірге халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Кездесуде Орталық Азия елдерінің әріптестігін нығайтуда әйелдердің атқаратын рөлі, гендерлік теңдік, әйел құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.

БҰҰ-ның Орталық Азия жөніндегі аймақтық орталығының жетекшісі Наталья Германның айтуынша, орталық аймақ елдеріндегі әйелдердің өзара пікір-алмасатын орынмен қамтамасыз етуге дайын.

Орталық Азия әйел-лидерлері диалогын 2021 жылы Өзбекстан сенатының төрайымы Танзила Нарбаева басқаратын болды.

XS
SM
MD
LG