Шенеуніктің айтуынша, 1 млрд 400 млн сом (16,8 млн доллар) мемлекет бюджетіне қолмақол ақшамен өткізілген.
«Алты жүз млн сомның (7,2 млн доллар) жылжымайтын мүлкі (бір сауда орталығы және тоғыз пәтер) мемлекет меншігіне алынды. Сауда орталығын біз мемлекетке береміз, пәтерлерді ҰҚМК қызметкерлеріне қалдырамыз. Пәтерлердің біреуі өте үлкен. Біз оны балалар үйіне немесе сол секілді әлеуметтік нысанға бергіміз келеді», - деді Ташиев.
Оның айтуынша, кеден қызметіндегі жемқорлық ісі бойынша басқа да күдіктілер мемлекет шығынын өтеген. Жақында іс сот органдарына жолданады.
Раимбек Матраимовтың ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, деді Ташев. Арнайы қызмет оның шетелдегі мүлкі туралы мәліметтерді тексеріп жатыр.
17 қазанда Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Мемлекеттік кеден қызметіндегі жемқорлыққа қатысты іс ашып, 20 қазанда Раимбек Матраимовты ұстады. Сол күні Бішкек қаласының 1-май аудандық соты Матраимовты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.