Олар – Пол Манафорт пен Роджер Стоун. 71 жастағы Манафорт жеті жарым жылға сотталған. Ол түрмеде екі жылға жуық уақыт отырды.
Трамптың көмекшісі болған Роджер Стоун 40 айға сотталған. Трамп оған қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп есептейді.
Бұның алдында президент Трамп осы қылмыстық істегі тағы бірнеше адамға рақымшылық берген. Олардың арасында генерал Майкл Флинн де бар.
Трамптың саяси бақталастары оның рақымшылық туралы шешімін сынады. Нью-Йорк штатының прокуроры болса Манафортқа қылмыстық іс аясында тергеу жалғасатынын мәлімдеді.