Ссылки доступа

Қырғызстанда жоғарғы сот төрайымының үстінен іс қозғалды


Қырғызстан жоғарғы сот төрайымы Гулбара Калиева үстінен қылмыстық іс қозғалды. 24 желтоқсанда ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Камчыбек Ташиев осылай деп хабарлады.

Комитет басшысы тергеу органдарында Калиеваның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жеткілікті екенін алға тартты.

– Іс материалдарын сот кеңесі жанындағы тәртіптік комиссияға тапсырдық. Олар жоғарғы сот басшысын жауапкершілікке тартуға келіссе, ертең-ақ оны ұстаймыз. Ол заң бұзып, мемлекетке шығын әкелді. Алайда іс жайлы толық ақпарат бере алмаймын, — деді Камчыбек Ташиев.

Гулбара Калиева 2018 жылы жоғарғы сот төрайымы болып тағайындалған. Оған дейін судья және жоғарғы сот басшысының орынбасары қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG