Ссылки доступа

Ресейді сотқа берген тәжікстандық Еуропалық сотта жеңіп шықты.


Бахтиер Усмонов
Бахтиер Усмонов

Страсбургдегі Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соты Ресейді 43 жастағы тәжікстандық Бахтиер Усмоновтың азаматтығын қалпына келтіріп, оған 11 мың еуро өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сот мәлімдемесінде "Ресей үкіметі қарындасы мен бауыры туралы мәліметті көрсетпегені үшін азаматтығынан айырды. Мұндай шешім не үшін шығарғаны жөнінде нақты дәлел келтірмеген" делінген.

Сот Усмоновтың ешқандай қылмыс жасамағанын, "елдің ұлттың қауіпсіздігіне қауіп төндірмегенін" атап өтіп, оған азаматтықты қайтарып беруді талап еткен.

Бахтиер Усмонов Ресейде 2007 жылдан бері тұрады. Оның әйелі мен төрт баласы да осы елдің азаматтары. Усмоновтың адвокаты Егор Мельниковтің айтуынша, он үшін жыл бұрын Ресей азаматтығын алуға өтініш бергенде, бауыры мен қарындасы бары туралы мәлімет бермеген.

Усмонов 2008 жылы Ресей азаматтығын алады. Бірақ 2018 жылы оны миграциялық қызмет шақырып алып, өзімен бірге жақын туыстары тұратыны туралы мәлімет бермегенін айтып айыптаған.

Оның азаматтығын алып, бес тәулік ішінде Ресейден кетуді талап еткен. Бірақ бұл талапты орындамағаны үшін милиция оны қамауға алған. Соңғы екі жылдан бері Усмонов мигранттарды ұстайтын абақтыда отырған. Еуропалық сот шешімінен кейін ғана ол бостандыққа шықты.

XS
SM
MD
LG