Ссылки доступа

Білім министрі елде шығарылған вакцинаны еккеннен кейін коронавирусқа қарсы антидене пайда болғанын айтты


Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцинаны өзіне салғаннан кейін COVID-19 вирусына қарсы антидене пайда болғанын мәлімдеді.

Министр қандай да бір асқыну байқалмағанын жеткізді.

— Біздің вакцина инактивтендірілген — бұл платформа жеткілікті деңгейде танымал. Барлық компоненттері белгілі. Бұл компоненттерді біз өзге вакциналардан алғанбыз. Сол себептен біздің ағзамыз таниды. Ғалымдар ондаған жыл бойы бақылау жүргізіп келеді. Жалғыз жаңа компонент инактивті вирус тірі емес, яғни ол адамға жұқпайды. Сол себептен инактивті вакцинаға басымдық бердік. Біз бұдан бөлек тірі вакцина әзірлеп жатырмыз", - деді министр.

Биыл тамыз айында білім министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын салдырғанын мәлімдеген. Ол қыркүйек айында қазақстандық вакцина ресейлік "Спутник V" вакцинасына қарағанда жақсы деген.

Қазір Қазақстанда үш мың еріктіге QazCovid-in вакцинасын салуды бастамақ.

Дегенмен қазақ үкіметі келесі жылдың ақпан айынан бастап халыққа "Спутник V" вакцинасын сала бастайтынын мәлімдеген. Осы айда Қарағанды облыстық фармацевтика зауыты алты мың дана "Спутник V" вакцинасын өндірген. Оның сапасын тексерту үшін Ресейге жіберген.

XS
SM
MD
LG