Ссылки доступа

Түркия полициясы отбасынан зорлық көрген өзбекстандық әйелді қорғауына алды


Түркияның Живрил қаласында отбасындағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген 22 жастағы өзбек азаматы Шохсанам Хамидуллаева қазір полиция бақылауында.

Намангандық Шохсанам Хамидуллаева осыған дейін өзін Түркияға ірі көлемдегі ақшаға сатқанын айтып шағымданған.

Түркия полициясы қазір Хамидуллаеваның мәлімдемесін тергеп жатқанын жеткізді. Егер расталса, оны уақытша жатақханаға көшіріп, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

Шохсанам Хамидуллаева делдал әйел арқылы 29 жастағы түрік жігітіне тұрмысқа шыққанын, бірақ заңды некеге тұрмағанын айтқан. "Менің ауру шешем, кәмелетке жасы толмаған бауырым бар. Әкеміз қайтыс болды. Жеңгем Түркиядан ер азаматтан ірі көлемде ақша алып, мені соған тұрмысқа берді. Маған үйленгісі келген ер азаматтың әйелі бар болып шықты. Оның бірінші әйелі ұрып-cоққаннан кейін қашып кеткен. Мені де қазір күнде жәбірлейді. Мені құтқарыңыздар" деген мәлімдемесі жарияланған.

Қазір Түркиядағы Әйелдер құқығын қорғайтын ұйым өзбекстандық келіншекке көмек көрсететінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG