Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекеттік бірнеше кәсіпорын үш айдан бері айлық төлемеген


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Түркіменстанның Лебап уәлаятында мемлекеттік бірнеше кәсіпорын жұмысшыларға үш айдан бері айлық төлемеген. Бұл туралы Азатлык радиосының осы өңірдегі тілшісі хабарлады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың ондаған жұмысшысымен сөйлескен тілшінің хабарлауынша, Лебап уәлаятында зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін шамамен 1500 адам бірнеше айдан бері жалақы алмаған.

Лебап автокөлік кәсіпорынының жүргізушілері, Lebapwtoyollary құрылыс кәсіпорынының, Turmenpagta кәсіпорынының, мақта өңдеу зауытының, кілем фабрикасының, Obaqyzmat кәсіпорынының жұмысшылары айлықсыз жүр.

«Кәсіпорын басшылары қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты қыркүйек, қазан және желтоқсан айларының жалақысын төлеуге мүмкіндік жоғын айтқан. Аталған кәсіпорындардың есептерінде ақша қалмаған. Олар барлық айдың жалақысын ақпан айында төлеуге уәде берген», осы кәсіпорындардың бірінде істейтін жұмысшы.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары зауыттар мен фабрикаларды жекеменшікке өткізуі мүмкін екенін айтты. Бірақ мұндай өзгерістің қашан және қалай болатынын ешкім білмейді.

Түркіменстан төрт жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Осы уақытта көптеген мемлекеттік кәсіпорындар жабылып, бірнеше министрлік бірігіп, мыңдаған адам жұмыстан қысқарды.

XS
SM
MD
LG