Ссылки доступа

NORAD: пандемияға қарамастан, Санта-Клаус балаларға сыйлық таратып үлгереді


АҚШ пен Канада бірлесіп құрған Солтүстік америкалық аэроғарыш қорғанысы қолбасшылығы (NORAD) 24 қарашада Санта-Клаус есімді ақ сақалды, үлкен қарны бар кісінің әуеде қозғалысын жіті бақылап отырғанын жариялады.

Алаңдауға негіз жоқ, деп мәлімдеді АҚШ әскери әуе күштерінің генералы Глен Д. Ван Херк. Колорадо штатындағы Колорадо-Спрингс қаласында орналасқан база қызметкерлері коронавирус пандемиясының Санта-Клаус пен оның бұғыларының әлемдегі балаларға сыйлық таратуына кедергі жасамауын бақылап отыр.

Санта-Клаустың қозғалысын бақылау шұғыл штабында әдетте шамамен 1500 ерікті жұмыс істейді, бірақ биыл орталық штаты пандемияға байланысты қысқарған. Әлемде жұқпалы ауру тарап жатқан уақытта Санта балаларға сыйлық тарата ала ма деген сауал туындаған.

«Өздеріңіз білесіздер, Санта-Клаус бұл іспен өте ұзақ жылдар бойы айналысып келеді. Бұған дейін де ол пандемияны бастан кешірген, бүкіл әлемде қиындықтарды жеңген. Санта-Клаустың аурудан сақтанатынына мен жүз пайыз сенімдімін», - деді Ван Херк.

Санта мен оның бұғыларының жүру бағытын сіз де noradsanta.org сайты арқылы бақылай аласыз.

XS
SM
MD
LG