Ссылки доступа

Таулы Бадахшан тұрғындары электр қуатының лимитіне шағымданды


Фото с сайта компании "Памир Энерджи"
Фото с сайта компании "Памир Энерджи"

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысының тұрғындары электр қуатын пайдалануға енгізілген лимитке арызданды. Екі апта бұрын «Барки точик» холдингі елді электр қуатымен қамтамасыз ету қалпына келгенін хабарлаған.

«Он күннен бері тәулігіне 5-6 сағат жарық береді. Бүгін жарық таңертең сөнген, қазір кешкі сағат алты болды, жарық әлі жоқ», - деді Рушан ауданына қарасты Барзуд қышлағының тұрғыны Салимшо Акобиршоев. Оның айтуынша, таулы аймақтарда ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендеген. Жарықтың сөнуінен жергілікті тұрғындар қиналып қалды.

Қыс мезгілінде жарық қайта-қайта сөніп қалып жатқанын Таулы Бадахшанның тағы бес ауданының тұрғындары растады.

«Памир Энерджи» компаниясының жауапты қызметкері Шохфозил Шохназиров 24 желтоқсанда Озоди радиосына жарықтың сөну себебін түсіндірді.

«Гунд өзенінің бастауында ауа температурасы 24 градусқа дейін төмендеген. Биыл біз қиыншылыққа тап болдық. Гунд өзеніндегі су тұрғындардың қажеттілігін толық өтеуге жетпей жатыр», - деді Шохназиров.

«Памир-1» және «Хорог» су электр станциялары Гунд өзенінің деңгейіне тәуелді.

XS
SM
MD
LG