Ссылки доступа

Өзбекстанда мемлекетке сатқындық жасады деп сотталған экс-дипломаттың туыстары БҰҰ-дан көмек сұрайды


Кадыр Юсупов Өзбекстан СІМ-да жоғары лауазымды шенеунік болған.
Кадыр Юсупов Өзбекстан СІМ-да жоғары лауазымды шенеунік болған.

Өзбек билігі дипломатты шпиондық жасады деп айыптап, түрмеге жапқан. Екі жыл өткеннен кейін Кадыр Юсуповтың туыстары оның ісін БҰҰ-ға жолдағысы келетінін мәлімдеді.

Британиядағы адам құқықтары мен азаматтардың еркіндігін қорғайтын Doughty Street Chambers заңгерлік компаниясының негізін қалаушы Джеффри Робертсон Юсуповтар отбасының кеңесшісі ретінде шақырылды. Робертсонның сөзінше, ол Юсуповтар отбасы атынан БҰҰ-ның жұмыс тобына арнайы мәлімдеме дайындап жатыр.

10 желтоқсанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде ол Юсупов ісінде көптеген заң бұзушылықтар орын алғанын айтты.

Юсупов — Өзбекстанның мемлекеттік жүйесінде көптеген жылдар бойы жұмыс істеген адамдардың бірі. Аяқ астынан ол мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталды.

Робертсон 8 желтоқсанда Өзбекстандағы Конституция күні қарсаңында рақымшылықпен босатады деп үміттенгенін, бірақ бұлай болмағанына өкініш білдірді.

Ол 2018 жылдың желтоқсан айында ұсталған. Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері оны ауруханада тергеуге алған. Кейін Юсупов мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, қаңтар айында оны бес жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол ауруханада жатқан кезде, кінәсін "мойындаған" делінеді.

Ал Юсуповтың туыстары болса, оның шизофрениямен ауыратынын айтады.

Юсуповтың отбасы халықтан көмек сұрап, видео үндеу жариялады.

XS
SM
MD
LG