Ссылки доступа

Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау акциялары өтіп жатыр


 Пикет во Владивостоке 26 декабря
Пикет во Владивостоке 26 декабря

Санкт-Петербург қаласында27 желтоқсанда Алексей Навальныйды қолдауды көздеген бірнеше пикет өтті. Бұның алдында оппозиционер өзін Федералдық қауіпсіздік қызметі өкілдері улағаны туралы зерттеу жариялаған.

Петербург орталығында бір адамның пикеті бірнеше жерде өтті. Олар президент Владимир Путинге сын жазылған плакаттар мен көк дамбал ұстап тұрды. Навальный зерттеуінде арнайы қызмет өкілдері уды іш киімге жаққаны айтылған.

Полиция қызметкерлері акция өткізушілерге коронавирус пандемиясына байланысты тәртіпті бұзғанын ескерткен, бірақ ешкімді ұстамаған.

Сенбі күні Петербург белсенділері ФҚҚ ғимараты алдында акция өткізді. Ол іш киімді ғимарат алдына тастап кетті. Белсенділер көк дамбалды арнайы қызметке «жудыру» үшін әкелгенін айтты. Навальный зерттеуінде арнайы қызмет өкілі Константин Кудрявцевке ұқсас адам оның іш киіміне жағылған «Новичок» іздерін жуғанын айтқан.

Бұның алдында Навальныйды қолдау пикеттері Владивосток, Уфа және басқа да қалаларда өтті.

XS
SM
MD
LG