Ссылки доступа

Апелляциялық сот белсенді Диана Баймағамбетованы қамауда қалдырды


 Диана Баймагамбетова была в числе других активистов, которые в августе прошли от дома покойного Агадила к кладбищу, где он похоронен, в поселке Талапкер Акмолинской области. Полиция и суды назвали это участием в несанкционированном шествии.
Диана Баймагамбетова была в числе других активистов, которые в августе прошли от дома покойного Агадила к кладбищу, где он похоронен, в поселке Талапкер Акмолинской области. Полиция и суды назвали это участием в несанкционированном шествии.

Алматы қаласының апелляциялық соты 28 жастағы белсенді Диана Баймағамбетоваға қамаудан басқа бұлтартпас шарасын қолдану туралы өтініш түсірген адвокат Ғалым Нұрпейісовтің шағымын қанағаттандырмады.

Осылайша 14 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған шешім өзгеріссіз қалды. Тергеу соты оны екі айға - 12 ақпанға дейін қамауда қалдырған еді.

Белсенді Диана Баймағамбетова "тыйым салынған ұйым ісіне араласты" ("Көше партиясы" қозғалысы) деген күдікпен 12 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайында ұсталған. Сол күні Алматыдағы уақытша қамау изоляторына қамалған. Екі күннен соң тергеу сотының қаулысымен тергеу изоляторына ауыстырылды.

Биыл бірнеше наразылық акциясына қатысқан белсенді Диана Баймағамбетова осы кезге дейін жиынтығы 45 күн (15 тәуліктен үш рет) әкімшілік қамауда отырып шыққан. Маусым айында "субботаж" шарасына, тамызда – белсенді Дулат Ағаділдің туған ауылында билік рұқсат етпеген акцияға қатысқаны, ал қазанда Алматыда жұртты митингіге шақырған деген айыппен әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазақстандық құқық қорғаушылардың мәліметінше, қазіргі кезде елде сот шешімімен тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалысына қатысы бар деп күдікке ілінген немесе айыпталған 110-нан астам адам бар. Бұл екі ұйымды Қазақстан соты "экстремистік" деп танығанмен Еуропарламент 2019 жылғы қарарында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп сипаттаған. Қазан айында Еуропарламенттің 16 мүшесі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, "Көше партиясын" да "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

Биыл мамыр айында бас прокуратураның шағымы бойынша Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық соты "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" деп таныған. Прокуратура "Көше партиясы" елде "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп санайды. Ал белсенділер бұл ұйымның ҚДТ-ға қатысы жоғын айтады.

ҚДТ мен "Көше партиясын" экстремистік деп таныған сот шешімі жарияланған жоқ. Екі қозғалыстың жақтастары Қазақстанда жиі қуғындалады.

Маусым айында Нұр-Сұлтан соты "Көше партиясына" тыйым салу туралы шешімді апелляцияға берген белсенділер шағымын қанағаттандырмады. Сот шағым түсірген бастама топ өкілдерінің "іске қатысы жоқ" екенін алға тартқан.

XS
SM
MD
LG