Ссылки доступа

Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі емтиханға кіргізілмеген студенттердің шағымын тексереді


Тәжікстан үкіметі жанындағы монополияға қарсы қызмет оқу ақысын төлемеген студенттерді сынаққа кіргізбеу жөнінде шешім қабылдаған бірқатар жоғары оқу орындары мен колледж жетекшілерінің іс-әрекеттерін тексереді.

Өткен аптада Куляб және Душанбе қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ондаған студенттер оқу ақысын төлей алмай қалғандықтан, сынақтарға кіргізілмегені хабарланған.

Олар оқу ақысын төлемегенін, биыл пандемияға байланысты ана-аналары Ресейге жұмыс істеуге кете алмай, кіріссіз қалғанымен түсіндірген.

Монополияға қарсы қызмет білдіргендей, егер студент келісімде бекітілген соманың жартысын төлеген болса, оқу орны жетекшісі оны емтиханға кіргізуге міндетті. Студенттер оқу ақысын жылына екі рет бөліп төлей алады.

Тәжікстандағы жоғары оқу орындарында 227 мыңнан астам студент оқыса, олардың 166 мыңы келісім-шарт негізде білім алады.

XS
SM
MD
LG