Ссылки доступа

Өзбекстанда электр энергиясы үшін қарыз 335 млн долларға жеткен


Өзбекстанда электр энергиясына қарыз 3,5 трлн сумды (335 млн доллар) құрады. Бұл туралы "Аймақтық электр желілері" компаниясы басқармасының төраға орынбасары Жахонгир Обиджанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, жеке тұлғалардың қарызы 2,34 трлн сум (223 млн доллар) болып, еті ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,8 млн долларға азайған.

Жахонгир Обиджанов бұл биллинг жүйесінің нәтижесі екенін айтты.

Ақпаратқа қарағанда, электр энергиясы үшін Самарқанд облысының қарызы басқа өңірлерге қарағанда көбірек. Облыс "Аймақтық электр желілеріне" 655 млрд сум (62,5 млн доллар) берешек.

XS
SM
MD
LG